ЖЖЕ бұзғаны үшін сот жүргізуші куәлігінен айырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бұқар-Жырау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596 бабы 3 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес құқық бұзушы «BMW» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатқан кезде жолдың қарсы келетін көліктерге арналған бөлігіне шығып кетті.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толығымен мойындап, соттан қатаң жазаламауды өтініп, келешекте осындай бұзушылықтар жібермеуіне сөз берді.
Сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз-қызметі