Аудандық сотта Әдеп кодексінің ережелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Оқу сыныбының 2016 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспарына сәйкес Абай ауданының №2 аудандық сотында сот қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған Әдеп кодексі 2015 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, ал 2016 жылдың 01 қаңтарында күшіне енген.
Іс-шара барысында сот төрағасы К.М. Айтжанов Қазақстан Республикасының Президенті саясатын ұстанып оны жүзеге асыруы тиіс екенін және мемлекеттік қызметшілер өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсап, еліне қалтқысыз әрі адал қызмет етуін белгілеп, мемлекеттік қызметшілер негізгі міндеттерін атап өтті.
Аталған кодексті қабылдаудағы басты мақсаты мемлекеттік қызметшілердің моральдық адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату, халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын атап өтті.
Семинар соңында сот төрағасы К.М. Айтжанов сот қызметкерлеріне жоғарыда аталған Кодекстің қағидаларын жұмыс барысында үнемі сақтап, басшылыққа алуды тапсырды.

 

Қайнар: 
Абай ауданының №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі