Тараптар сотта татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Абай ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттері) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматша К.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.
Азаматша К. үйінде, алкогольдік масаң күйде болған кезде, жұбайымен туындаған жанжал кезінде былапыт сөйлегені анықталды. Яғни, құқық бұзушы құқыққа қарсы әрекеттерімен оның тыныштыңын бұзды.
Сот отырысында, жәбірленуші жұбайымен татуласқанына байланысты, оған қатысты әкімшілік іс өндірісін қысқарту туралы жазбаша өтініш хат ұсынды.
Сот қаулысымен азаматша К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 64-бабының 2-бөлігі (тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босату) негізінде тараптардың татуласуына байланысты өнлірістен қысқартылды.

 

Қайнар: 
Абай ауданының №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі