Архив событий

09/08/2017

МАЭС медиациялық келісімді бекітті

09/08/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапкер АҚ-ның КМК -нан 1 968 226 тенге мөлшерінде сақтандыру шарты бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот барысында тараптар дауды медиация тәртібі арқылы реттеу туралы шешімге келді.

Сот жеке сот орындаушының әрекетін заңсыз деп тану туралы шағымды қанағаттандырусыз қалдырды

09/08/2017

Бұқар жырау ауданының № 2 аудандық сотында аз. К.-ның Қарағанды облысының атқару аумағының жеке сот орындаушысы Б.-ның әрекетіне (әрекетсіздігіне)қатысты шағымдану арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Көрiнеу жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

09/08/2017

2017 жылдың 04 сәуірінде Осакаров аудандық Ішкі Істер Бөлімінің кезекшілік бөліміне Осакаров ауданының емханасынан аз.Ж-ның атыс қаруынан жарақаттанып аурухана түскендігі туралы хабарлама түсті.

Қылмыстық істі тергеу барысында аз.Ж-ға атыс қаруымен жарақатты абайсызда немере ағасы аз.Ш. келтіргені белгілі болды.

Шет аудандық соты «Медиация күні» аясында «Ашық есік күнін» өткізді

09/08/2017

Шет аудандық сотында «Медиация күні» республикалық акциясы аясында сот қызметкерлері мен кәсіпқой медиатор Макажанова Алма Бакиевна, қәсіпқой емес медиаторлар Жанибеков Ертай Жарылгапович пен Серикбаева Гуля Бодешовна, ақсақалдар кенесінің төрағасы К.Сейльбековтың қатысуымен «Ашық есік күні» іс- шарасы өткізілді.

Осакаров ауданының № 2 аудандық соты 2017 жылдың 1 жартыжылдық жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз-конференциясын өткізді

09/08/2017

Осакаров ауданының №2 сотында 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асырудың нәтижесін қортындылау бойынша «Сельский труженик» аудандық газеті мен «МТК» ТА-ның өкілдерінің, Осакаров аудандық прокурорының, Осакаров ауданы Молодежный кентінің полиция бөлімшесінің, пробация қызметі инспекторларының және сот мамандарының қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді

«Медиация күніне» арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізіледі

09/08/2017

2017 жылдың 9 тамызында сағат 17.00-де Осакаров ауданының Ішкі Істер Бөлімінің ғимаратында Осакаров  аудандық сотының сот төрағасының м.а. судья Н.Ж. Баянбеков «Медиация күні» қарсаңында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізеді.

Азаматтық істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде қарау

09/08/2017

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 144-146-баптарына сәйкес, судья істерді арыз қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Сот талап арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда істің оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатындығын көрсетеді. Сот тараптарға хабарлама беріп, жауапкердің талап арызға пікір (қарсылық) ұсынуы үшін он бес жұмыс күнін белгілейді.

Қарағанды облыстық соты пресс-конференция өткізеді

09/08/2017

11 тамыз сағат 12.00-де Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Қарағанды облыстық сотының 2017 жылдың 1 –ші жартыжылдық жұмысын қорытындылау» тақырыбында пресс-конференция өткізіледі.

БҚА өкілдерін іс-шараға қатысуға шақырамыз.