Архив событий

22/08/2017

Қорлаған үшін заңмен жауапкершілік көзделген

22/08/2017

Сотталушы В. өзінің ұялы телефонынан смс хабарлама жіберу арқылы қасақана адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде қорлау мақсатымен жәбірленуші  Е-ні  әдепсіз түрде қорлаған.  Сотталушы В-ның әрекеті ҚР ҚК-нің 131 бабының 1 бөлігімен сараланады.  Осыған байланысты  жәбірленуші Е., сотқа жеке айыптау шағымымен жүгінді.

Мүлікті ашық түрде ұрлау медиация тәртібімен шешілді

22/08/2017

Шахтинск қалалық сотында ҚР ҚК-нің 191 бабының 1 бөлігімен (тонау бөтеннің мүлкін ашық ұрлау) аз.Ж-ға қатысты қылмыстық іс сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылды. Аз.Ж қылмыстық жауаптылықтан босатылды.