Архив событий

27/09/2017

Пилоттық жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр

27/09/2017

Азаматтық сот ісін жүргізуде бітімгершілік рәсімдерін еңгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мақсатында Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында медиация тәртібінде істер қаралуда. «Бітімгершілік рәсімдерін өткізуге байланысты проблемалық сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Сот ішімдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберді

27/09/2017

Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының ашық сот отырысында  Қарағанды облысының денсаулық басқармасы “Бұқар жырау ауданының орталық аудандық ауруханасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арызы бойынша аз.М.-ды алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу туралы азаматтық іс қаралды.

Соттар мен медиаторлар арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

27/09/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Ибраев Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жетекшісі С.М. Шардарбековамен және Қарағанды қаласының филиалы «Халықаралық құқыққорғау орталығы» Қоғамдық ұйымының директоры О.В.Мажурамен кездесті.