Архив событий

28/09/2017

МАЭС медиациялық келісім бекітті

28/09/2017

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «NORD Пром НС» ЖШС-нің  жауапкер ЖШС-нен қарыз сомасын және үстемақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Біз мақтан тұтамыз!

28/09/2017

Қазақстан халқының тілдері күніне орай өткен салтанатты шарада «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі Басқармасы» ММ-нің басшысы облыс аумағында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға және тілдерді дамыту мен қолдану аясын кеңейтуге, сондай-ақ, «Рухани Жаңғыру» Бағдарламасының негізі болып табылатын Қазақстандық бірегейлікті сақтауға қосқан сүбелі еңбегі үшін Ляззат Жұмажанқызын АЛҒЫС хатпен марапаттады.

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Егіндібұлақ селосының тұрғындарымен кездесті

28/09/2017

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Искакбаев Кенжебай Дарбаевич Егіндібұлақ селосының тұрғындарымен кездесті.

Іс-шараға сонымен бірге Егіндібұлақ селосының ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.Сулейменов, Егіндібұлақ селосының әкімінің орынбасары А.Даупбаев, «Қарқаралы» газетінің тілшісі Д.Жунусбеков, кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.

Ұлытау аудандық сотының төрағасы С.С.Сағатов реформаның басты бағыттарын түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді

28/09/2017

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының қылмыстық процесті реформалау және құқық қорғау қызметінің басқа да салаларын жетілдіру сұрақтары бойынша ақпараттық қамтамасыз ету медиа-жоспарына сәйкес, Ұлытау аудандық сотының төрағасы С.С.Сағатов аудандық мәдениет үйі ғимаратында реформаның басым бағыттарын түсіндіру мақсатында халықпен кездесу өткізді.

Октябрь ауданының №3 аудандық сотының төрағасы қылмыстық процесстің негізгі бағыттарын реформалауға түсініктеме беру үшін тұрғындармен кездесу өткізді

28/09/2017

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотының ғимаратында сот төрағасы О.Н. Омаровтың тұрғындармен кездесуі өтті. Кездесуге ПИК төрағалары, кәсіби емес медиаторлар және т.б. қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар

28/09/2017

Бұқар жырау аудандық сотының төрағасы Р.И. Дурдыев сот мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында 2015 жыл 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңы және мемлекеттік органдарында смартфондарды қолдануға тыйым салу мәселелері талқыланды.