Нұра аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 «Медиация туралы» зыңының қабылдануы күні қарсаңында барлық облыс соттарында «Медиация күні» республикалық акцияның өткізілуі жоспарланған. Бұл іс-шара медиация институтын жергілікті халық арасында дамытуға, насихаттауға, әлеуметтік және құқықтық дауларды сотқа жеткізбей шешудің балама амалын қолданудың тиімділігін бұқараға түсіндіру мақсатымен өткізіліп жатыр.

Осы күнді атап өту мақсатында, Нұра аудандық соты да шет қалмай «Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырды.

Іс-шараға кентіміздің тұрғыны Т.В. Кудашева қатысып, сот төрағасы Серік Маратұлы Жұмабековке көрші үйдің арасындағы жер мәселесіне байланысты сұрағымен жүгінді. Сот төрағасы заң нормаларына сүйене отырып, осы мәселені медиация тәртібін қолданылу арқылы шешу мүмкіндігін түсіндірді.

Қайнар: 
Нұра аудандық сотының баспасөз – қызметі