3 жылға бас бостандығынан және «полиция майоры» шенінен айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Жаңаарқа аудандық сотымен ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен, яғни пара алу бабымен азамат Ж. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Ж. азамат Ш. мас күйінде автокөлік жүргізіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Өзінің қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып, азамат Ш.-дан 250 000 теңге көлемінде ақша талап еткен. Содан кейін өзінің жұмыс орнында азамат Ш.-дан 250 000 көлемінде пара алып, оны жүргізуші куәлігінен айырмауға уәде берген.

Сот үкімімен Ж. жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танылып, оған сотталған адамның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз мемлекеттің меншігіне айналдырумен; өмір бойына мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстваларында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.

Сотталушы Ж. «полиция майоры» шенінен айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Жаңаарқа аудандық сотының Баспасөз қызметі