Абай аудандық сотында медиация мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Абай аудандық соты «Медиация күні» республикалық акциясы аясында судья Д. Каримбаевтың төрағалық етуімен «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Іс-шараға кәсіби емес медиатор Л.О. Маканова, Абай ПБ-нің жасөспірімдер ісі бойынша инспектор Калташева О.В., Абай ПБ-нің өкілі, Абай қаласы әкім аппаратының заңгерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар аймақта азаматтарға медиация институтын насихаттау, медиация рәсімдерінің әдіс-тәсілдері мен қағидалары туралы маңызды сұрақтарын талқылады. Қазіргі таңда медиация тәртібімен шешілетін дау-жанжалдардың аздығы азаматтардың көпшілігінің бұл рәсім туралы білмейтіндігін көрсетеді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар маңызды мәселелерді талқылап, өз ойларымен бөлісті.

Источник: 
Абай аудандық сотының баспасөз қызметі