Акционерлік қоғамынан айыппұл сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер ААҚ –ның жауапкер «АрселорМиттал Темиртау» АҚ –нан сапаға сай келмейтiн тауарларды жеткiзгені үшін айыппұл сомасын өндіру туралы  азаматтық ісі қаралды.
Талап арыздың мазмұнына сай, тараптар арасында көмiр концентратын жеткізу туралы контракт жасалған.

Жауапкермен көмiр концентратын жеткізу міндеті тиісті деңгейде орындалмаған, өйткені тауарды қабылдау нәтижесі бойынша ылғал көрсеткішігінің сәйкессіздігі  анықталды.

Жауапкермен келісім-шарт талаптарын бұзу салдарынан, талапкер айыппұл сомасын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Сотпен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды, жауапкерден келтірілген айыппұл сомасы 1 705 430 теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі