Ақтоғай аудандық сотында медиацияны қолдану мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық сотында «Медиация туралы» Заңның қабылдануына орай Ақтоғай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Ж. Төлеуқадыровтың, Ақтоғай АІІБ ЖПҚ-нің басшысы міндетін атқарушы Ө.Әзімбаевтың және Ақтоғай селосы бойынша кәсіпқой емес медиатор М.Сатмагамбетовтің, қорғаушы Б.Қашқыновтың қатысуларымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын талқылау бойынша дөңгелек үстел» өтті.

Төраға М.З. Касымбеков өз баяндамасында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 1-бабына сәйкес медиацияны қолдану саласы тек қана азаматтық, еңбек, отбасылық құқықтық-қатынастардан туындайтын даулармен бірге, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен туындайтын дауларды, сонымен қатар  әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарастырған кезде де қолданылатынын айтып өтті. Кездесу барысында, сот төрағасы медиация заңдылықтарын халық арасында насихаттау, медиацияның артықшылықтары, сотқа дейінгі медиациялық келісімді жасаудың тәртібі мен жасалған келісімді орындамаудың зардаптарын  нақтылап түсіндірді.

Источник: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі