Алкоголь өнімін сатқаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабы 3 бөлігі бойынша (мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда,      алкоголь         өнiмiн:   сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн; этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу) Ақбұлақ ауылының тұрғыны кінәлі деп танылды.

Сот   мәжілісі барысында  құқықбұзушы Б. өз кінәсін  мойындап, істеген әрекетіне өкінетіндігін айтып, хаттамада көрсетілген деректерді растап, күндіз 12-ге дейін бөлшек алкоголь өнімін сатуға болмайтындығын білмегенін көрсетті.            

Сот  қаулы заңды күшіне енгеннен кейін 1 айға  тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, 15 883 теңге  көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазасы туралы   қаулы  шығарды. 

Источник: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі