Баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау ауданының № 2 аудандық сотында аз. Б.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127- бабының 1-бөлігі (кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Аз. Б. бала тәрбиелеудегі ата-аналық міндеттерін орындамағандықтан, кәмелеттік жасқа толмаған 2000 жылы туылған қызы Л. қазіргі уақытта жүкті болып отыр.

Сот қаулысымен , құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 7 айлық есептік көрсеткіш -15 883 теңге көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жазаға тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Бұқар жырау ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз орталығы