Балқаш қалалық соты және Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен медиация институтын дамытуға бағытталған «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық соты және Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Медиация күні» республикалық акциясы аясында азаматтардың сот жүйесіне деген сенімділігін нығайту, құқықтық сананы жоғарылату, халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» іс –шарасын өткізді.

Аталған іс-шараға Балқаш қалалық сотының төрағасы Н.У.Сыздыков, Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының міндетін атқарушы Н.М.Берликешева, судья Б.Р.Аканов, кәсіби медиатор М.Б.Искаков, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған іс-шараны өткізу тараптарға дауды қысқа мерзімде ең аз материалдық және моральдық шығындармен шешу үшін медиация және бітімгершілік рәсімдерін дамытуға бағытталды. Балхаш қалалық сотының ғимаратында және әкімшілікте медиация кабинеті жабдықталған, ол жерде азаматтарды кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қабылдайды. Медиация кабинетінің артықшылығы, ол азаматтарға дауды шешу және татуласу үшін басқа елді-мекенге бармай-ақ медиаторларға жүгіну мүмкіндігін беретіндігі. Дауларды медиаторлардың көмегімен реттеу- азаматтардың сот шығындарын және өкілдің қызметін төлеуден босатады. Қазақстандағы медиация азаматтық қоғам институты ретінде дауды шешуде мемлекетті жаңа деңгейге шығаруға, азаматтардың құқықтық санасын жоғарылатуға, сонымен қактар әр азаматқа даулы мәселелерді сот және әкімшілік органдарына жүгінбей өз бетімен шешуге мүмкіндік береді.

«Медиация күні» республикалық акциясында азаматтар медиаторға отбасы-тұрмыстық қатынастар бойынша, қарызды өндіріп алу және моралдық залалды өндіру мәселелері бойынша жүгінді.

Сондай-ақ, сот төрағалары 2017 жылдың 7 айында тараптардың татуласуына орай медиациялық келісім бойынша қысқартылған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша статистикалық деректерді келтірді. Балқаш қалалық сотымен тараптардың татуласуына орай медиациялық келісім бойынша қысқартылған қылмыстық істер-22, оның ішінде медиатордың қатысуымен-5, жәбірленушімен татуласуына байланысты -13; азаматтық істер -157, оның ішінде бітімгершілік келісім-11, сот медиациясы тәртібіндегі келісім-120; әкімшілік істер бойынша тараптардың татуласуына орай медиациялық келісім бойынша қысқартылғаны -74.

Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсене қатысқандары үшін ризашылықтарын білдіре отырып, БАҚ өкілдеріне дауды сотқа дейін реттеудің тиімділігі туралы азаматтарға жеткізуді ұсынды.

 

Источник: 
Балқаш қалалық сотының және Балқаш каласының мамандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметтері