Басқарудың белгiленген тәртiбiне қол сұғатын құқық бұзушылық үшін әкімшілік айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотымен «Шет ауданы құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) қозғалған әкімшілік іс қаралды.

«Қарағанды облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ тарапынан жоспардан тыс жүргізілген көшпелі тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында құқықбұзушы М. «Ақсу-Аюлы селосындағы 4 пәтерлі тұрғын үй құрылысын» "ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" ҚР Заңнамасының 68 бабының 12 тармағын бұза отырып, яғни құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламай жүзеге асырған.

Сот қаулысымен «Шет ауданы құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК мөлшерінде 56 725 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі