Іс бітімгершілік келісіммен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арасындағы дау бойынша бітімгершілік келісімі бекітілді.

Сот барысында, тараптар арасында тауарды жеткізу туралы келісім - шарт жасалған. Алайда жауапкермен шартта көрсетілген міндеттемелер бұзылған. Соның салдарынан 24 756 709 теңге мөлшерінде берешек сомасы пайда болған.

Істі сот талқылауына дайындау барысында, тараптар дауды реттеу туралы бітімгершілік келісімге келіп, оны бекітуге сотқа өтініш берді.

Сотпен азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітіліп, сот өндіріспен қысқартылды, талапкерге мемлекеттік баждың сомасы қайтарылды.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі