«Босқындардың мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық сотында судья Е.Бейсембаевтың және сот мамандарының қатысуымен «Босқындардың мәртебесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде баяндамашы 1951 жылғы 28 шілдеде қабылданған «Босқындардың мәртебесі туралы» конвенциямен және 1967 жылғы 31 қаңтарда қабылданған Босқындардың мәртебесіне қатысты хаттамамен келісуші мемлекеттер қатарына Қазақстан Республикасы да қосыла отырып, босқындарды қорғау жөнінде келісім жасағанын  мәлімдеді.

Бейсембаев Е. «Босқын» сөзінің мағынасын кеңінен қарастырып, осы конвенцияға сәйкес босқындардың жалпы құқықтарына тоқталды, яғни жылжымалы және жылжымайтын мүлікке құқығы, авторлық және өнеркәсіптік құқығы, қауымдастық құру, сотқа шағымдану т.б құқықтарын, сонымен қатар, Конвенция ережелерінен тыс құқықтарын да атап өтті.

Осы конвенциямен Келісуші мемлекеттер босқындарға қандай жағдайларда сол елдің өз азаматтарына және шетелдіктерге қолайлы жағдайлар жасайтынын да тілге тиек етті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі