Бұқар-жырау аудандық соты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар Жырау аудандық соты Бұқар-жырау аудандық ауруханасының науқасты маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта жауапкердің  созылмалы маскүнемдікке шалдыққаны анықталды.  Ол жүйелі түрде ішімдікке салынған, жұмыс істемейді, ерікті емделуден бас тартады. Бірнеше рет ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Тұрғылықты жері бойынша теріс мінезделеді.

Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 130-бабының 2-бөлігіне сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және созылмалы алкоголизммен немесе нашақорлықпен не уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және ерікті түрде емделуден жалтаратын адамдарға қатысты сот шешімі бойынша қолданылады.

Сот шешімімен Бұқар-жырау аудандық ауруханасының  арызы қанағаттандырылды, науқас 6 айға маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз қызметі