Дау медиация тәртiбiмен бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотында талапкер К-нің жауапкер М-дан СО «Номад Э 701» 1 классты электрсанауыш мемлекеттік стандартқа тексертіп өз шығынына қорытындысымен қайтару және тарифсіз алған 5 500 тенгені өндіру туралы азаматтық ісі медиациялық келісім шарт негізінде аяқталды.

Сотпен Шет Энерго» ЖШС-нің электромонтері жауапкер М. аз.К-ға тиесілі дүкендегі тозығы жеткен СО «Номад Э 701» 1 классты электрсанауышты ағытып алып, оны мемлекеттік стандартқа тексертпей, яғни қолдануға жарамсыздығын анықтамай, орнына «Меркурий 201» электрсанауышын орнатып, ақысына заңсыз 5 500 тенге алғаны анықталды.

Сот талқылауы барысында, тараптар өзара келісімге келіп, азаматтық істі  медиация тәртібімен шешу туралы ұсыныс білдірді, яғни жауапкер белгілі бір уақытқа дейін 5 500 тенгені қайтаруға міндеттеніп, талапкер талап арызының басқа бөлігінен толықтай бас тартты.

Шет аудандық сотының ұйғарымымен келісімшарт бекітіліп, азаматтық іс өндіріспен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі