Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының Бұқар-Жырау аудандық сотымен азамат Р-ге  қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс қаралды.
Азамат Р. Бұқар-жырау ауданы Ботақара кентінде орналасқан «Анара» дүкенінде, яғни сатушының жоқтығын пайдаланып азамат О-ға тиесілі бағасы 15 000 теңге тұратын «Нокия» телефонын ұрлаған. Атап айтқанда азамат  О. 15 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Аталған істі қарау барысында тараптар медиация рәсімін өткізу туралы өтініштерін білдірді.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге сәйкес жәбірленуші қылмыстық іс өндірісін қысқарту туралы өтінішін мәлімдеді, өз кезегінде сотталушы қылмыспен келтірілген зиянның орнын толтырады. Сонымен, аудандық сотпен келісім бекітіліп, сотталушыға қатысты қылмыстық іс қысқартылды.
Қайнар: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз-қызметі