Ғ. Мұстафин кентінің тұрғындарына “Ашық есік күні“ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотында медиация институтын дамыту меморандумын жүзеге асыру шеңбері аясында “Қоғамдық сананы жаңғыртуда медиацияның маңызы” тақырыбында “Ашық есік күні” өткізілді.

Аталған шараны ұйымдастырушылар медиацияның негізгі мақсат- міндеттерін түсіндіруге байланысты қосымша шаралар өткізу арқылы, медиацияны даулар мен келіспеушіліктерді тиімді шешудің басым бағыты ретінде, дауларды сотқа дейін шешудің пилоттық жобасы мен келісім процедураларын қолдануды кеңейту мақсатын көздеді.

Сот төрағасы өз сөзінде мемлекетіміздің келісім процедураларының институтына аса мән беріп отырғанына ерекше тоқталды, сонымен бірге Мемлекет Басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының 22- сессиясында медиацияны дамытудың міндеттерінің бірі- қоғамдағы дау-дамайларды болдырмау құралы ретінде қарастырғанын атап өтті.

Талқылауға судьялар  мен сот мамандары, кәсіби емес медиатор Курбанов Ш.Р., Бұқар жырау ауданының прокурорының көмекшісі Серикбеков Н., қорғаушы Аухадиева М.М., полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты және т.б. қатысты.

Шара соңында судьялар мен медиаторлар медиация институтын әрі қарай дамыту және пилоттық жоба туралы ой-пікірлерімен алмасты.

Источник: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз орталығы