Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотымен медиативті келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына талапкер Т. жауапкер С.-тан жалдау шарты бойынша қарызды өндіру туралы талап қою арызымен жүгінді.

Сот отырысы барысында тараптар судьяның ықпалымен дауды медиация тәртібі арқылы реттеу туралы келісімге келді.

Бітімгершілік келісім негізінде жауапкер С. талапкер Т.-ға қарызын өтеуге міндеттеніп, ал талапкер талап  арыздан бас тартатын болып өзара  дауды медиация тәртібі арқылы шешу туралы қорытындыға келді.

Мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында медиативті келісім бекітіліп, сот өндірісі қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі