Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьялары «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесі қарсаңында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьялары «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады.

Сот төрағасы А.Ибраев барлық сот корпусы үшін бұл мерекенің ерекше маңызды екенін, себебі соттар азаматтардың конституциялық құндылықтарының, құқықтары мен бостандықтарының, олардың  мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

Балаларға естелік сыйлықтар табысталып, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен мереке ұйымдастырылды. Мереке соңында судьялар балаларға қуаныш пен барлық бастамаларына сәттілік тіледі.

Источник: 
Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі