Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихаты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығындағы  сот жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз-мәслихаты өтті.

Аталған іс-шараға сот төрағасы А.Ибраев, БАҚ өзара жұмысты үйлестіруші судья А.Шайменова, судья Т.Жабықпай, сонымен қатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері: «5 канал», «Взгляд на события» қатысты.

Баспасөз-мәслихаты барысында сот төрағасы есеп беру кезеңі бойынша статистикалық мәліметтерді айтып өтті.

Баспасөз-мәслихаты соңында төрағалық етуші барлық қатысушы БАҚ-на алғыс білдіріп және алдағы уақытта сот қызметінің нәтижесі туралы халыққа жеткізу мақсатында БҚА-ның тығыз жұмыс жасайтынына сенімді екендігін білдірді.

                                                 

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі