Қарағанды облыстық сотында «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесінің маңызды мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығында «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесінің маңызды мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде азаматтық істер бойынша сот алқасының төрайымы Сейдалина Жанна Каримовна, аталған іс категорияларын қарауға мамандандырылған облыстық және аудандық соттардың судьялары, облыстық прокуратура өкілі, «ҚР Халық Банкі» РММ-нің Қарағанды филиалының өкілі, облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, «Арселор Миттал Темиртау» АҚ өкілдері, «Nomad Life» өмірді сақтандыру компаниясы АҚ, сақтандыру компанияларының мамандары және екінші дәрежедегі банктердің заңды кеңесшілері қатысты.

Дөңгелек үстелді ашық деп жариялап, азаматтық істер бойынша сот алқасының төрайымы Сейдалина Ж.К. талқыланатын тақырыптың маңыздылығын атап өтті. «Сақтандырудың заманауи үлгісінің маңызды қарама-қайшылықтары болғандықтан талқылауды қажет етеді. Мүдделі тұлғалардың қатысуы маңызды мәселелерді тиісті дәрежеде талқылауда мүмкіндіп береді,-деп ойлаймын.  Модератор қатысушылардың жұмыстарына табыс тілеп, осындай талқылаулар бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін құруға, сақтандыру және зиянды өтеу саласында құқықтық базаны қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді»-деп көрсетті.

Аталған іс категорияларын қарағанда туындайтын өзекті мәселерімен аудандық соттың судьялары Ю.Н.Яговец, Э.Э.Дусалиев, Н.М.Берликешева, Е.Е.Сыздыков, Б.С.Имашевалар баяндама оқыды. Баяндамашылармен сақтандыру төлемдерін өтеу және сақтандыру жағдайлары туралы тәжірибеде кездесетін мысалдар келтірілді. Талқылау барысында қатысушылар  «Суброгация» және «Регресс» ұғымдарын бір-бірінен ажырату мәселесіне аса көңіл бөлді. Осы екі ұғымға заңнамада бірдей анықтама берілгендіктен, тәжірибеде бірқатар қиыншылықтар тудыратынын атап өтті

Іс-шара соңында қатысушыларға бірыңғай тәрибе қалыптастыру мақсатында тиісті ұсыныстар еңгізу ұсынылды.

 

 

 

 

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі