Қарқаралы ауданында судьялар мен медиаторлар дөңгелек үстел басында кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы аудандық сотының судьялары М.М. Мухамбеткалиева мен  Е.М. Боранбаев Қарқаралы қаласының кәсібі емес медиаторлар тобының жетекшісі А.Қ.Әбеуовпен дөңгелек үстел басында кездесті.

Дөңгелек үстел барысында медиаторлардың қылмыстық және азаматтық істерге қатысу мәселелері көтерілді.

Медиаторлардың неке және отбасы қатынастарынан, мал бағыны мәселелерінен, жеке тұлғалардың шарттық міндеттемелерінен туындайтын дауларды шешуге қабілеттері бар.

Сот- ұрлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша, жәбірленушілерге келтірілген залал өтелген жағдайда немесе медиациялық келісімім жасауға мүмкіндік туындаған қылмыстық істер бойынша медиаторлардың қатысуына мұқтаж.

Сондай-ақ жеке айыптау істері бойынша медиаторлардың көмегі шексіз.

Сот медиаторлардың тиімді жұмыс жасау үшін сот ғимаратынан кабинет бөліп, тиісті жағдай жасап жатыр. Тұрақты түрде медиаторлармен, тұрғындармен кездесу өткізіліп, татуласу рәсімдерін қолданумен аяқталған сот процестері бұқаралық ақпарат құралдарында, облыстық соттың интернет ресурстарында жарияланады.

Дөңгелек үстел барысында А.К. Абеуов кәсіби емес медиаторлар қоғамдық бастамамен жұмыс атқарып отырғандарын, бұдан әрі медиация институты даму үшін кәсіби емес медиаторларға өтем ақы қарастыру мәселесін қозғады. 

Источник: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі