Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Егіндібұлақ тұрғындарын қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға судья, сот қызметкерлері,медиатор қатысты.

Іс-шараның мақсаты медиацияны дамытудың мақсаттары мен талаптарын түсіндіру, даулар мен жан-жалдарды шешу тәсілі ретінде медиация институтын насихаттау, даулар мен қайшы пікірлерді шешу кезінде бітімгершілікке келудің тиімділігін түсіндіру болды.

Келушілер әртүрлі сұрақтармен жүгініп, медиация институтына деген қызығушылық танытты.

Әрбір сұраққа жан-жақты жауап беріліп, келушілер үшін ақысыз кеңес берілді.

Қайнар: 
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі