Қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық сотымен азамат Б-ға  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабы 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б. ішкі істер органдарында тіркелмеген 16-калибрлі тегіс ұңғылы және оның 4 патронын заңсыз иеленіп, үйінде сақтаған.

Сот отырысында аамат Б. кінәсін толықтай мойындап, жасаған әрекетіне өкінетіндігін айтты.

Сот азамат Б-ны әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танып, оған 31 766 тенге айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі