Қаулыны орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат А-ға  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабына (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Азамат А. ІІБ-нің қаулысы бойынша ҚР ӘҚБК-нің 440-бабының 3-бөлігіне сәйкес (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 22 690 теңге әкімшілік айыппұл салынған. Алайда құқықбұзушы ерікті түрде төлеуге берілген 40 күндік мерзім ішінде айыппұлды төлемей, қаулыны орындамаған.

Сот қаулысымен азамат А. 3 тәулікке қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі