Қаулыны орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабына (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылыққұжатты орындамау) сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат А. ІІБ-нің қаулысы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігіне сәйкес (тыныштықты бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 11 345 теңге әкімшілік айыппұл салынған. Алайда құқықбұзушы ерікті түрде төлеуге берілген 40 күндік мерзім ішінде айыппұлды төлемей, қаулыны орындамаған.

Сот қаулысымен азамат А. 1 тәулікке қамауға алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы