Әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат П-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 480-бабының 2-бөлігіне (әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу)  сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс  қаралды.

 Азамат П. Балқаш қаласының Ішкі Істер бөлімінің қаулысына сәйкес 3 ай бойы әр аптаның жұма күні ІІБ-не келіп тіркелмеген, сөйтіп әкімшілік қадағалау ережесін бұзған.

Сот қаулысымен азамат П-ға әкімшілік жаза ретінде 9 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі