Қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 5 тәулікке қамаққа алынып, оған ерекше талаптар тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440 бабы 4 бөлігі бойынша (жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) Ұлытау селосының тұрғынын кінәлі деп таныды.

Азамат Е. бұрын қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сөйтіп, құқық бұзушы орталық көшеде масаң күйінде, адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын салдыр-салақ түрімен шайқалып жүрген.

Сот мәжілісі барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.

Сотпен 5 тәулік мерзімге қамақ түріндегі әкімшілік жазаны тағайындау туралы қаулы шығарылды. Сонымен қатар, құқық бұзушыға қатысты 1 жыл мерзімге ерекше талаптар тағайындалды.

Источник: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі