Қоғамдық орындарға масаң күйінде жүргені үшін ерекше талаптар белгіленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 4 бөлігі бойынша (жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) Молодежный кентінің тұрғынын кінәлі деп таныды.                                                                    

Азамат П-ның  жыл бойында қоғамдық орындарда масаң  күйінде жүргені үшін  екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны   анықталды. Сөйтіп, құқықбұзушының Молодежный кенті Космонавтов көшесінің ортасында аса масаң күйінде, адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын салдыр-салақ түрімен шайқалып жүргені сотпен анықталды.              Сот мәжілісі барысында  құқықбұзушы өз кінәсін  мойындалды. Сот құқықбұзушыны, прокурордың қорытындысын тыңдап, оны бір тәулікке қамауға алу  туралы   қаулы  шығарды.  Сонымен қатар, құқықбұзушыға қатысты 3 ай мерзімге ерекше талаптар тағайындалды.

Источник: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі