Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотында азаматша Д-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне (ұсақ құқық бұзушылық)  сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азаматша Д. көшеде шемішке шағып, қабығын жерге тастап, қоғамдық жерді ластау арқылы  қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот қаулысымен азаматша Д. кінәлі деп танылып, оған 15 883 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Источник: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы