Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608- бабының 4-бөлігі бойынша /көлік құралын мас күйінде басқару/ және 611-бабының 2-бөлігі бойынша /жол көлік оқиғасына байланысты көлік жүргізушімен міндеттерін орындамау/ сәйкес азамат А.-ға қатысты 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат А. Мерседес Бенц көлік құралын мас күйінде жүргізіп, Тайота Камри көлігімен соқтығысқан. А. азаматы бір жылдың ішінде екінші рет әкімшілік құқық бұзушылықты жасап отыр.
Осыдан 2013 жылдың 17 қазанында ҚР ӘҚБК-нің 467-бабының 1-бөлігі бойынша Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен азамат А. 2 жылға көлікті басқару құқығынан айырылған болатын.
Сот қаулысымен А. ҚР ӘҚБК-нің 608-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік жаза ретінде 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, қосымша 6 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды, ал ҚР ӘҚБК-нің 611-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жаза ретінде 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

 

Источник: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі