Конституция Күніне орай дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық сотында Конституция күні мерекесіне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға  аудандық соттың төрағасы М.З.Каысмбеков, судьялар және сот қызметкерлері, аудан прокуроры Г.Мұқанов, ІІБ-нің басшысы Е.Орымбеков және жергілікті газет тілшілері қатысты. Сот төрағасы М.З. Касымбеков қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, елімізде жүргізілген реформалардағы соттардың рөлін айрықша атап өтті. Атап айтқанда, сот жүйесі Ұлт Жоспары бойынша барлық реформаларды сәтті іске асырды. Одан әрі, аудан прокуроры Г. Мұқанов сот жүйесі үшін Конституция күнінің маңызы зор екендігін, соттар заңдарда іске асырылған конституциялық құндылықтарды қорғауды қамтамасыз ететіндігін атап өтті. Сонымен қатар, ол соттар заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша алдарына қойылған барлық міндеттерді лайықты дәрежеде атқарып отырғанын айтты.

Ақтоғай аудандық ІІБ-нің басшысы Е.Орымбеков барлық қатысушыларды Конституция Күнімен құттықтап, денсаулық пен еңбекте жеміс тіледі.

Источник: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі