Құқық бұзушылықты қайталағаны үшін қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат А-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 2-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Азамат А. үйдің кіре берісінде балағат сөздер айтқан. Осы құқық бұзушылық әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталанған.

Сотта А. өзінің кінәсін толық мойындап, өз әрекетіне өкінетіндігін айтты.

Сот  қаулысымен азамат А. кінәлі деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі