Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24 бабының 3 бөлігі, 188 бабы 2 бөлігінің 3 тармағымен (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу,ұрлық ) М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қаракөл ауылының сыртында салынып жатқан Б-ға тиесілі баздың ішінде тұрған компресордың стартерін және аппаратурасын М. ұрлауға оқталып, қоймаға заңсыз кіру арқылы бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауға тура бағытталған тікелей пиғылмен әрекет жасап, алайда оған байланысты емес мән-жайлар бойынша қылмысты ақырына дейін жеткізе алмаған.

Сот отырысы барысында тараптар арасында дау өзара бітімгершілікке келіп, бір-бірінен кешірім сұрап, келтірген зиян өтелгендіктен тараптардың ұсынуы бойынша медиациялық тәртіппен шешілді.

Жәбірленуші қылмыстық істі қысқартуды сұрады.Медиациялық келісім сотпен бекітіліп, қылмыстық іс қысқартылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі