Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қалалық сотында аз.О-ға қатысты ҚР ҚК  188-бабының 1 бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жысырын ұрлау) бойынша  қылмыстық іс медиация тәртібімен, яғни сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына және келтірілген зиянның өтелуіне байланысты қысқартылды. Аз.О. қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Іс материалдарына сәйкес аз.О жасырын түрде жәбірленуші А.-ның велосипедін ұрлап, оған 30 000 теңге материалдық залал келтірген.

Сот отырысында жәбірленуші мен сотталушыдан олардың өзара татуласып, келтірілген зиянның өтелуіне байланысты медиация туралы келісімге қол қойып, қылмыстық істі қысқарту туралы арыз түсті.

Сот актісі заңды күшіне енген.

Источник: 
Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі