Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау ауданының № 2 аудандық сотында медиация тәртібімен аз С. мен аз К.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 187 бабының 1-бөлімі (ұсақ-түйек жымқыру) бойынша қозғалған қылмыстық іс қысқартылды.

С. өз үйінде танысы аз К.- мен спирттік ішімдік ішу барысында, оған “Арғын” ШҚ тиесілі картоп алқабынан картоп ұрлау туралы ұсыныс жасайды. Сол күні олар “Арғын” ШҚ тиесілі жеріне барып 25 кг көлемінде картоп қазып алған. Содан кейін қылмыс болған жерден кетіп, ұрланған картопты өз қажеттеріне жаратқан.

Аталған қылмыстық істі қарау барысында, тараптар мамандандырылмаған медиатор  Ш.Р.Курбановқа жүгінген. Тараптар арасында медиация туралы келісімге қол қойылды.

Сот қаулысымен, аз С. мен аз К.-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен, жәбірленушімен татуласуларына және зиянның орнын толтыруларына байланысты қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Бұқар жырау ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз орталығы