Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотымен аз.Ф-ға қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен (ұрлық) қозғалған қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен сотталушы Ф. қасақана бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында Шет ауданы, Дария кентіндегі жеке меншік «Сәлем» дүкенінің аспалы құлпын жұлқып ашу арқылы заңсыз түрде кіріп, ішінде тұрған азақ-түлікпен, кассадағы 2 000 теңгені жасырын түрде ұрлап, жәбірленуші Р-ға жалпы сомасы 9 950 теңге мөлшерінде мүліктік залал келтіргені анықталды.

Қылмыстық істі қарау барысында медиатордың көмегімен тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасып, соттан қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Медиация келісімінің негізінде қылмыстық іс өндіріспен қысқартылып, айыпталушы Ф. қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі