Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 188 бабының 1 бөлігімен (ұрлық) Г-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Г. жәбірленуші М.-ге тиесілі құны 11 000 теңге тұратын алтын сақина, құны 5 000 теңге тұратын күміс сақина, бағасы 14 000 теңге тұратын әшекей бұйымдарын жасырын жымқырып, жәбірленушіге жалпы сомасы 30 000 теңгені құрайтын материалдық шығын келтірген.

Сот талқылауы барысында сотталушы Г. тағылған айыпты толық мойындап, жасаған іс әрекеттеріне шын жүректен өкініп, жәбірленушіге келген залалдың орнын толық қайтарып, медиация заңы бойынша дауды реттеу туралы келісім жасап, жәбірленушімен татуласқанын айтып, қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Сот қаулысымен К-ға қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігімен, жәбірленушінің сотталушымен татуласуы негізінде медияция тәртібінде іс өндірістен қысқартылып, Г. қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы