Қылмыстық пиғылы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың қаңтар айының басында «КарЖас-М» ЖШС-нің күзетшісі 13 қаңтар 2017 жылы өзінің бастығы- жәбірленуші Ни С.Н. үйінен жұмыскерлеріне еңбек ақы беру үшін қаражат алып шығатынын болжап, яғни бөтеннің мүлкін ашықтан-ашық жымқырып кету туралы қылмыстық ниеті болды. Ол өз жоспары туралы танысы В.А.Риммерге айтады, оған аталған қылмысты жасауды ұсынды, яғни Ни С.М.-ді тонауға көндіріп, екеуі қылмыс туралы алдын-ала сөз байласты.

13 қаңтар 2017 жылы 07.00 сағат шамасында Риммер В.А. жәбірленушінің үйінің  алдына келіп, подъездегі шамды өшіріп күтіп отырды. Жәбірленуші Ни С.М.-нің екінші қабаттан түсе бергенде оның бетіне «Кока-Кола» сусынын жылдам қозғалыспен шашып жібереді, жәбірленуші абдырап қалады,  сөйтіп Риммер В.А. оның қолында тұрған сөмкесін алып қашады. Ұрланған мүлікті Ларин Т.Е. мен Риммер В.А.  өзара бөлісті. Ларин Т.Е.-ге қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 28-бабының 5- бөлімі, 191-бабы 2 бөлімі 3-тармағына және Риммерге қатысты 191-бабы 2-бөлімі 3-тармағы сотқа іс жүргізу келісім түрінде түскен, яғни келісімге сәйкес сотталушылар Ларин Т.Е. және Риммер В.А. жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарын толықтай мойындап және сот отырысында да өз кінәларын толықтай мойындап, қылмыстық істі тергеу барысында мән-жайларды анықтау үшін көмек көрсетіп, материалдық шығынды толық өтеді.

Сот үкімімен Т.Е.Ларин 3 жыл бас бостандығынан айрылып, мүлкін тәркіленіп, оған пробациялық бақылау белгіленді.

Сотталушы Риммер В.А. қайтыс болуына байланысты іс өндірістен қысқартылды.

Азаматтық талап арыз қанағаттандырылды.

 

Источник: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз қызметі