Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау ауданының № 2 аудандық сотында аз. Ш.-ға қатысты ҚР ҚК-нің  188- бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Аз. Ш. өзінің бұрынғы әйелінің үйінде болғанда, жатын бөлмесінде орналасқан жиһаздан ақшаның бар екенін алдын ала біле тұра, ұрлап әкеткен. Жәбірленушіге 20 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

Сот мәжілісінде жәбірленушіден сотталушы Ш.-мен өзара татуласып, келтірілген шығынның орнын толтыруына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш келіп түскен.

Сот қаулысымен аз Ш.-ға қылмыстық іс қысқартылып, айыпталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Қайнар: 
Бұқар жырау ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз орталығы