Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

№2 Октябрь аудандық сотына азамат К-ға қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігі 3 тармағымен қылмыстық іс түсті.  

К. автокөліктің терезесінің ішіндегі алдыңғы панельде тұрған ұялы телефонды көрді де, автокөліктің есігін ашып алып,  көліктің ішіне кіріп, оның иесінің ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап,  оқиға болған жерден қашып кетті

Тараптар арасындағы шиеленіс өзара бітімгершілікке келіп, жәбірленушіден  кешірім сұралып, келтірілген зиян өтелгендіктен, олар  сотқа медиациялық келісім ұсынған. Жәбірленуші Р. қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Медиациялық келісім сотпен бекітіліп, қылмыстық іс өндіріспен қысқартылды.

 

Источник: 
Қарағанды қаласы №2 Октябрь аудандық сотының баспасөз орталығы