МАЭС АҚ-нан 140 миллионнан аса теңге өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер ЖШЖК жауапкер «АрселорМиттал Темиртау» АҚ –нан берешек пен айыппұл сомасын өндіру туралы азаматтық ісін қаралды.

Талап арыз мазмұнынан тараптар арасында жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 75% жарғылық капитал үлесінің сауда-саттық келісім жасалғандығы аңыкталды. Келісім - шарт бойынша сатылып жатқан үлес тараптармен 134 958 209 теңгеге бағаланды.

Жауапкермен келісім-шарт талаптарын бұзу салдарынан, талапкер берешекті өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Сотпен талапкердің талап арызы толығымен қанағаттандырылды, жауапкерден 134 958 209 теңге, 3 009 753 тұрақсыздық айыбы, сонымен қатар сот шығындары 4 139 039 теңге, мемлекеттік баж сомасы, 250 000 теңге өкіл қызметіне төленген шығындар өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі