МАЭС АҚ-нан 16 миллионнан аса теңге өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер АҚ жауапкер «АрселорМиттал Темиртау» АҚ –нан залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында, тараптар арасында вагон операторымен қызмет ету туралы келісім-шарт жасалған. Келісім - шартқа сәйкес талапкер –оператор жауапкерге ақылы вагондармен қамтамасыз етуге міндеттелген.

Вагондарды беру-жинау тізімдемесі бойынша жауапкердің кірме жолына вагондар жолданған, оларды тексеру барысында істен шыққаны аңықталды. Деректер бойынша вагондардың істен шыққаны туралы актілер жасалған. Вагондардың иесі талапкер болғандықтан, келтірліген залалды жауапкер орындауға тиіс. Залалдың мөлшері жазбаша дәлелдемелермен расталған.

Жауапкердің келісім-шарт талаптарын бұзуы салдарынан, талапкер залалды өндіру  туралы талап арызымен сотқа жүгінген. 

Сотпен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды, жауапкерден келтірілген залал мен айыппұл сомалар 16 230 394 теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі