МАЭС «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Медиация күні» республикалық акциясы аясында азаматтардың сот жүйесіне деген сенімділігін нығайту, құқықтық сананы жоғарылату, халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» іс -шарасы өтті.

Аталған іс-шараға судья Д.Е. Мұстафин, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-нің кәсіби медиаторлары Ә.Асылбекова мен Д.Есенгельдинов қатысты.

Іс-шара шеңберінде судья Д. Мұстафин медиативтік рәсімдерді өткізу тәртібін түсіндірді.

Шара соңында медиаторлар азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беріп, белсенді қатысқандары үшін ризашылықтарын білдірді.

Источник: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі