МАЭС БАҚ сөз бостандығы құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына М.С.Нокербековтың мүддесінде «Позитив» жеке кәсіпкері «Первый Карагандинский» ЖШС-не моральдық зиянды өндіру және талапкердің абырой мен қадір-қасиетін (іскерлік беделін) жойылу мәліметтерін теріске шығаруды міндеттеу туралы талап арызымен жүгінді.

Сотқа жүгінуге 4 мамыр 2017 жылы бірқатар азаматтардың үйлерді жалға беру мәселелері бойынша, талапкердің қызмет көрсетуі әділетсіз деп эфирге шыққан көрсетілім негіз болды.

Талап арызда талапкер жауапкерден талапкердің өз қызметін, азаматтарды адастыру, алаяқтық, алдау жолымен жүзеге асыратын, абырой мен қадір-қасиетін жоятын мәліметтерді теріске шығарылуын талап етеді.

Сот, іс құжаттарын зерделей келе, БАҚ сөз бостандығы құқығын көрсете отырып, талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі